030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Жаратылыстану пәндер бірлестігінің тізбектелген ашық сабақтар топтамасы

Posted in Бірлестіктер

         07.12 - 29.12.2015 уақыт  аралығында  жаратылыстану   пәндер  бірлестігінің  тізбектелген  ашық  сабақтары  өтті. Тізбектелген  ашық  сабақтар  топтамасының  жоспары  құрылып,  бекітілді. Тізбектелген  ашық  сабақтардың  мақсаты: сабақта  жеті  модульді  ықпалдастыра  отырып,  топтық  жұмыс  арқылы  оқушыларды сыни  ойлауға  жетелеу,  оқушының  пәнге қызығушылығын арттыру, функционалдық сауаттылығын  дамыту.

Басып шығару

Тіл – ұлт рухының тірегі

Posted in Бірлестіктер

          22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер мерекесі. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған ана тілімізбен қатар өзге ұлттың тілдеріне де құрметпен қарау – әр адамның  міндеті. Осы мерекеге біздің мектебіміз де өз үлесін қосып, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тіл – ұлт рухының тірегі» атты үш тілде кеш өткізілді. Кеш ана тіліміздің сұлулығын көрсететін қойылыммен басталып, «Достық үйіне» саяхат жасаумен жалғасын тапты.

Басып шығару

ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН "ЖІГІТТЕР"

Posted in Бірлестіктер

Тарих пәнінің мұғалімі Ж.Данешова "Мәңгілік ел - мұратым" апталығы аясында "Елім менің" тақырыбында танымдық сайыс ұйымдастырды. Сайысқа 9,10-класс оқушылары қатысты. 9-класс "Жігіттер" тобы, 10-класс "Алғырлар" тобы болып, топтық сайысқа түсті. Сайыс қазақ хандығының 550 жылдығына арналды. Оқушылар қызығушылықпен қатыса отырып, өз білімділіктерін, алғырлықтарын, шапшаңдықтарын танытты. Ән жұмбақты да тауып, көрерменмен қосыла шырқады. Нәтижесінде 9-класс оқушыларынан құралған "Жігіттер" тобы ұпай санымен оқ бойы озып шықты. Сайыс соңында әндер шырқалып, апта бойы апталыққа қатысқан оқушылар, жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталып, апталық қорытындыланды.

Басып шығару

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ КЕЗДЕСУ

Posted in Бірлестіктер

«Мәңгілік ел-мұратым» атты гуманитарлық пәндер бірлестігінің апталығы аясында тарих пәнінің мұғалімі Байситова Гүлнар «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ» тақырыбында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған оқушыларға тағылымы мол кездесу кешін ұйымдастырды. Кездесуге жерлестеріміз соғыстың ауыр азабын кешкен Елеуов Әлібек атамыз және қабырғасы қатпай жатып еңбек майданына араласқан Рабаев Әбдірахман аталарымыз шақырылды. Аталарымыз қазіргі таңда ұрпақ өсіріп, бақытты ғұмыр кешіп отырған жандар. Сұхбат барысында оқушылар соғыстың ауыр күндері туралы мағыналы, мәнді әңгімелер тыңдап, өздерін ойландырған сұрақтарға жауап алып ой бөлісті. Соғыстың 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен,қайсар ерлікпен өткізген ерлер бейнесіне тәнті болды.

Басып шығару

Майданда туған жырлар

Posted in Бірлестіктер

imagesГуманитарлық пәндер бірлестігінің "Мәңгілік ел - мұратым" тақырыбындағы кластан тыс шаралар апталығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Тлеулина "Майданда туған жырлар" атты мәнерлеп оқу сайысын өткізді.

imagesСайысқа 5-11 класс оқушылары қатысып, оқушылар поэзияға деген өз өнерлерін көрсетті. Ерекше мәнермен, жағымды дауыс ырғағымен, образға еніп, өлеңді мүдірмей жатқа оқыған оқушыларымыз Елдесова Арайым, Баймырзаев Мадияр, Қасымбек Назерке, Нұрпейіс Аяулым, Бади Айбергендерді ерекше атап өтуге болады. Қатысушы оқушылар майдан туралы Қ.Аманжолов, М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова, М.Айтқожа секілді ақиық ақындардың өлеңдерін оқып, көрерменді тәнті етті. Кеш тек мәнерлеп оқумен шектелмей, ән, бимен көркемделді.

Сайыс қорытындысын әділ қазылар алғасы қорытып, жеңімпаз оқушылар анықталды.