030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Ел болудың бірінші тірегі - білім!

Posted in Деңгейлік бағдарлама

   «Заманауи  әлемде елдің қуаты  ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді» деп ел президенті айтпақшы бүгінгі алған шәкірт білімінің алар орны ерекше. Бұл білімнің негізі бастауышта қаланбақ. Осыған орай  мектептерге өзгеріс енгізуде мұғалім тұлғасы маңызды роль атқарады. Сондықтан да жалпы білім беретін мектептерде білім беру мазмұнын жаңғыртатын өзгерістер қажеттілігі - заман талабы.      

Басып шығару

«Бәсекеге қабілетті қоғам құру негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту»

Posted in Деңгейлік бағдарлама

images2015 жылдың 15 сәуірінде Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы мен № 45 орта мектептің бірлесуімен "Бәсекеге қабілетті қоғам құру негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту" тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

Семинарға жауапты гуманитарлық пәндер бірлестігінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері болатын. Семинарға қала мектептерінен келген әріптестеріміз жоспарланған ашық сабақтар, кластан тыс шаралар мен коучингтерге куә болды. Семинарды мектеп директоры А.А.Тажимишев пен ҚҒӘО әдіскері Қ.И.Куразова ашып, семинарға сәттілік тіледі.

Басып шығару

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру заман талабы…»

Posted in Деңгейлік бағдарлама

images2015 жылдың 15 сәуірінде «№45 орта мектеп» ММ-де бастауыш класс мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолындағы оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдері» атты семинар өтті.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын басшылыққа алып, оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алатындай білім беру мен тәрбиелеу керектілігі семинардың басты мақсаты етіп алынды.

Басып шығару

«Табиғат пен экология – егіз ұғым, терең ойлап түсінейік мұның!»

Posted in Деңгейлік бағдарлама

imagesЖас ұрпақтың бойына табиғат тағдырына деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру, экологиялық білім беру, оны ғылыми түрде талдап шешу – әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.

Осы орайда Ақтөбе қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы мен № 45 орта мектеп біріге отырып қалалық семинар ұйымдастырып, өткізді. Семинарға Ақтөбе қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Нургалиева Жаңылсын Достангалиевна, қалалық білім бөлімінің ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Бакитжанова Гулдарига Шараповна және жалпы білім беретін мектептердегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Семинар аясында мектебіміздің 1-қабатында көрме ұйымдастырылып, көрмеге мектеп оқушылары ат салысып, өздері дайындаған қажетсіз заттардан ғажайып бұйымдарын ұсынды. Семинарды мектеп директоры Тажимишев Абзал Амантайұлы ашты. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кубатаева Құрманай Базарбайқызы семинар жоспарымен таныстырды.

Басып шығару

Сыни тұрғыдан ойлау-сынау емес, шыңдалған ойлау

Posted in Деңгейлік бағдарлама

imagesАқтөбе қаласында Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші(ілгері), екінші(негізгі) және үшінші(базалық) деңгей бағдарламаларын игерген мұғалімдердің іс-тәжірибесін білім беру ісіне енгізу және әріптестеріне меңгерту мақсатында құрылған 7 қоғамдастық бар. Соның бірі «Ізденіс» қоғамдастығы. Оның құрамына қаланың №45 ОМ, №55 ОМ, №8 ОМ, №29 ОМ, №42 ОМ, №46 ОМ, №51 МГ, №52 НМ, №49 ОМ және №44 кешкі ауы- сымдағы мектептері қамтылған. Қоғамдастықтың жетекшісі № 29 ОМ физика пәнінің мұғалімі Ә.Ә.Айтмағанбетова. Жақын арада ғана құрылған қоғамдастықтың алғашқы семинарын жаңалыққа жаны құмар екендіктерін дәлелдеп №45 орта мектептің ұжымы өткізді. Семинардың тақырыбы «Сыни тұрғыдан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау» деп аталды. Семинардың мақсаты: «Кәсіби қоғамдастық құра отырып, мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету, педагогикалық шеберлігін шыңдау және шығармашылық ізденісін арттыру». Семинарға қоғамдастыққа мүше мектептің мұғалімдері қатысты, сонымен қатар ПШО тренері Г.У. Дарменова, Ақтөбе қаласының ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Ж.Ж.Мухамбетова, «Өрлеу» біліктікті арттыру орталығының тренерлері А.А.Изтлеуова және Ғ.О.Муканова қатысты.