030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

«Жұлдыздарды жандыратын «Жұлдызай – 2015» дәстүрлі өнер фестивалі»

Posted in Сайыстар

images«Жұлдызай» фестивалі Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылығына арналған жалғыз шара. Фестиваль дәстүрлі түрде биыл оныншы рет өткізілді.

Жыл сайын өткізілетін «Жұлдызай» фестивалінің негізгі мақсаты – даму мүмкіндігі шектеулі талантты балаларды анықтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, қоғамның аталған санаттағы балаларға деген көңілін аудару. Фестивальге қатысушылар вокалдық орындау, сурдоаударма ән айту, би, бейнелеу өнері, декоративті - қолданбалы шығармашылық, аспаптық орындау аталымдары бойынша өз өнерлерін ортаға салды.

Байқаудың қалалық кезеңі Ақтөбе білім бөлімі жанындағы «Ғылыми-әдістемелік орталық» МҚҚК-ны қолдауымен 10 сәуір күні Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі ғимаратында өтті. Қала мектептерінен 14 өнерпаз балдырғандар қатысып, өнерлерін көрсетті. Ақтөбе орта мектебі-би, 15 орта мектебі- аспаптық орындау, Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектеп - ән айту, М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі- бейнелеу өнері номинациялары бойынша облыстық кезеңге жолдама иеленсе, біздің мектептен 5 «А» класс оқушысы Назыбекова Гүлсая «Декоративті – қолданбалы өнер» номинациясы бойынша І орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.

Басып шығару

«Үздік класс жетекші – 2015» байқауы

Posted in Сайыстар

imagesҚазіргі заман балаларын тәрбиелеуде класс жетекшілердің атқаратын қызметі өте маңызды ролге ие болып отыр. Осыған орай, класс жетекшілердің кәсіби деңгейлері мен біліктілігін көтеру және олардың жұмыстарын бағалау мақсатында «№45 орта мектеп» ММ директорының бұйрығы негізінде «Үздік класс жетекші – 2015» байқауы ІІ кезеңнен ұйымдастырылып өткізілді. І кезеңге 13 класс жетекшілері портфолио тапсырып, оның 4-еуі ІІ кезеңге жолдама алды.

Бірінші кезеңде әр класс жетекші өз тәжірибесін, класпен жүргізген жұмысын жан-жақты жинақтап ұсынды. Портфолиосы жинақы, класс жетекшілік еңбегін, жұмысын нақты көрсете білген Смайлова А. (6 «А»), Сағиева Г. (4 «Ә»), Табанова М. (7 «Ә») және Қалдыбаева М. (2 «Ә») класс жетекшілері екінші кезеңде бақ сынады.

Басып шығару

«ГҮЛДЕНЕ БЕР, ҚАЗАҚСТАН!»

Posted in Сайыстар

Қалалық жас туристер стансасының ұйымдастыруымен 12 желтоқсан күні «Гүлдене бер, Қазақстан» атты байқау өткен болатын. Байқауға біздің №45 орта мектебімізден қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оспанқызы Нұрбану 9 класс оқушылары: Аленов Алмат, Тоқтарбаев Данияр, Михетова Диана және де Рахимжан Жасмин есімді оқушылармен «Ақтөбе жастары» деген топпен бақ сынасты. Қаламыздағы бір ауданды аралап, оны презентация арқылы көрсету, күнделік толтырып, көше аттарының шығу тарихын зерттеу секілді жарыс ережесіне сәйкес өз өнерлерін көрсеткен мектебіміздің мақтаныштары байқаудан жүлделі І орынды иеленіп қайтты.

Басып шығару

«ТУРИАДА – 2014» ТУРИСТІК ЖОРЫҚ

Posted in Сайыстар

imagesМұғалімдер күні қарсаңында, Қалалық жас туристер Стансасының ұйымдастыруымен 2-3 қазан күндері қаламыздыдағы «Достық» лагерінде қала мектептері үшін «Туриада – 2014» спорттық – туристік сайысы өтті. Туриадаға мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінен құралған «45 Алауы» командасы қатысты.

Команда құрамы:

  • Нысанов Нұрболат – команда капитаны
  • Қасымов Жандос
  • Ахмет Қолғанат
  • Сундетов Кубейсин
  • Тубирова Айгерим

Туристік жорығымыз екі күніге жалғасты. Бірінші күні «Кростық жарыс», яғни 6 шақырымдық жарыс жолында 7 кезеңнен тұратын табиғи кедергілерден өту болса, екінші күн аспалы өткелден өту ...