030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Педагогикалық шеберлікті шыңдау жолында (эссе)

Posted in Әдістемелік қоржын

Әрбір халық ұрпағымен көктеп өркен жаяды. Әрбір мемлекет рухы таза, санасы биік, білімді де білікті ұрпағынан қуат алады, ол өзінің әрбір жаңа биіктеріне көтеріледі. Ендеше ұрпақ тәрбиесіне жеңіл қарау-ұлт тағдырына, қоғам мен мемлекет болашағына жауапсыздық таныту болмақ. Олай болса, өмірі ұстаздықпен астасқан әрбір жанның міндеті- елінің болашағын ойлайтын білімді де білікті азамат тәрбиелеу.

Басып шығару

3 кластарға арналған сабақтардың жоспарлары

Posted in Әдістемелік қоржын

1. Айнымас досы бар адам (Тәрбие сағаты, сыныптан тыс жұмыс), 2. Жалаң және жайылма сөйлем (Қазақ тілі), 3. Разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу (Математика), 4. Сіз деген-әдеп, біз деген-көмек (Тәрбие сағаты , сыныптан тыс жұмыс), 5. Баяндауыш (Қазақ тілі), 6. Біздің Отанымыз-Қазақстан (Дүниетану).

 

Басып шығару

Шығармашылық – ізденістен туады

Posted in Әдістемелік қоржын

2013 жылдың 11 желтоқсан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ильясова Айнаш 5 «Б» класында қазақ әдебиеті пәнінен «Толағай - ерен ерлік үлгісі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ оқытудың сын тұрғысынан ойлау технологиясына негізделіп өткізілді.

Сабақтың құрылымы, оқушылардың білімді игеруі, сын көзбен қарап жауап беруі сабақтың сәтті шыққан кезеңдері болды. Бүгінгі өмірмен байланыстыра жауап беруі оқушылардың сөз мәдениеті мен ойлау дағдыларының жүйеленгенін көрсетті.

Басып шығару

Поэзия әлемінде

Posted in Әдістемелік қоржын

2013 жылдың 12 желтоқсанында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Серікова Мадина Абзалқызының қазақ поэзиясының хан тәңірі Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби- сазды кеші өтті. Кеш барысында ақын өмірі бейнебаян арқылы көрсетіліп, ақын өлеңдерін оқушылар нақышына келтіріп оқып, өздерінің поэзияға деген сүйіспеншіліктерін танытты.

10 «А» класс оқушылары Шернияз Мирас, Есенгулов Арсұлан, Қуанышева Айкүмістер ақын өлеңдерін ерекше тебіреніспен, ерекше дауыс ырғағымен оқып, көрерменді баурап алды.

Басып шығару

Абай – дана, Абай – дара қазақта

Posted in Әдістемелік қоржын

2013 жылдың 9 желтоқсанында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ермаханова Айткүл Әбдіхалыққызы 10-класта Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» атты ашық сабағының куәсі болдық.

Сабақ жоспарға сай жүйелі, мақсатына жеткен сабақ болды. Сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері ассоциация, топтық жұмыс, Блум таксаномиясы қолданылды.

Сабақтың ең сәтті шыққан жері дара, дана Абайдың шығармашылығы мен өмірін оқушылардың нақты жеткізгені. Жаңа сабақты меңгерту мақсатында топтарға тапсырма берілді.