030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Тәжірибе алмасып, тағылымды іске куә болды

Posted in Директордың блогы

Ырғыз – облысымыздың тарихи, көне, табиғаты ерекше аудандарының бірі. Бұл аудан аумағында талай тарихи оқиғалар өткені бәрімізге белгілі. Осы ауданға сәуір айының 21-23 күндері білім саласында іс-тәжірибе алмасу мақсатымен іссапарға барғанбыз. Мектебімізден бес педагог білім жүгін арқалап, Ырғызға жол тарттық. Көшбасшымыз, мектеп директоры Абзал Амантайұлы, әдіскер Қаракөз Тубасовна, орыс тілі пәні мұғалімі Шарипа Тынашевна, күміс көмей әнші-сері, музыка пәні мұғалімі Ерен Мүрсінұлы және мен дене шынықтыру пәні мұғалімі Жандос Қуанышұлы біздің мектептің делегациясын бастап бардық. Жалпы Ақтөбе қаласының № 13, 36, 49, 45 мектептерінен жаңа форматта деңгейлік бағдарлама бойынша білім жетілдіру курстарынан өткен ұстаздар барды. Бұл сапарымызың басты мақсаты ауыл мектебімен қала мектептері арасындағы тәжірибе алмасу еді.

Басып шығару

ҰСТАЗДАР – БЕЙНЕ САРА ЖОЛ

Posted in Директордың блогы

gurnal1 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек... Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы!.. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз» деген сөздерінен МӘҢГІЛІК ЕЛ, ОТАН, БІРЛІК, ЕҢБЕК, ҰРПАҚ  ұғымдары арқылы мұғалімдерге үлкен жүк артылып тұрғаны байқалады.

Басып шығару

Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы

Posted in Директордың блогы

imagesНаурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осы мереке – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.

Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңитін кезеңі - наурыз мерекесі құтты болсын!

Наурыз – бұл тек көктемнің ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Бұл күн тіршіліктің, дәстүрлі құндылықтар аясында бірігіп, игілікті жаңа бастауларға ниет білдірудің нышаны. Күннің алғашқы нұры әрбір шаңыраққа бақ береке, өзара түсіністік пен болашаққа деген сенімділік әкелсін! Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – наурыз мерекесі сіздерге қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!

Құрметті ата-аналар, әріптестер және оқушылар! Ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!

Басып шығару

8-Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!

Posted in Директордың блогы

8nayrizЕлімізге көктемнің шуақты күндерімен бірге көктем мезгілінің алғашқы мерекесі 8 наурыз да келіп жетті. Бұл мереке – сабыр мен төзімнен жаралған нәзік жандардың, абзал жандардың, асыл жандардың мерекесі. Көктемнің шуақты күндерімен бірге сәулелерін төгетін, көңілдерге қуаныш егетін, саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін мереке құтты болсын!

«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» демекші, әйел адамның қоғамымызда алар орны да ерекше. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Әйел адамдар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.

Құрметті аналар, біздің мектептің аяулы әйелдер қауымы! 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз! Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Басып шығару

Қымбатты оқушылар, ата-аналар, ұстаздар және қадірменді қонақтар!

Posted in Директордың блогы

imagesАқтөбе қаласының «№ 45 орта мектеп» мемлекеттік мекемесінің сайтына қош келдіңіздер. Бұл сайттың ашылуы мектебіміздің 1 жылдығына тұспа-тұс келіп, қуантарлық жайт болып тұр. Алдағы уақытта біздің сайтымыз мектебіміздің ішкі өмірі мен тыныс-тіршілігінің айнасы болады. Сонымен қатар сайт өз жұмысын тек қана мектеп өмірімен шектеп қалмай, «Ақжар-2» тұрғындар алабының жаңалықтар жаршысына айналады деп ойлаймын.

Бұл сайттың басты мақсаты – білім мен тәрбие беру үрдісіндегі мектеп – оқушы – ата-ана байланысын нығайту, оның өзара тиімді іс-әрекеттесу мүмкіндіктерін ашу және осы әрекет аясында шығармышылық белестер мен шыңдарға жету. «Оқу - білім азығы. Білім - ырыс қазығы» демекші, біздің оқушыларымыз өз шығармашылық әрекеттерінің нәтижесін осы сайтта жариялай алатын болады. Яғни, бұл оқушылардың әр түрлі әңгімелер, фоторепортаждар, өлең шумақтары және т.б шығармашылық ой-толғаныс нәтижелерін көпшілік жұртқа жеткізуі деген сөз.

Қымбатты оқушылар, ата-аналар және ұстаздар! Сіздерді № 45 орта мектептің 1 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Алдағы уақытта мектебіміздің шәкірттері биік белестерді бағындырып, өз мектебінің ұстаздарының мерейін көкке жеткізеді деген сенімдемін.

Баршаңызға мектебіміздің мерекесі құтты болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!