030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

«Гүлдәурен» мектеп жанындағы лингвистикалық лагері ашылды

Автор: Куккузова Бибинур. Posted in Жаңалықтар

      Жазғы үлкен үзіліс ұзақ оқу жылынан кейін мектеп оқушыларының денсаулығын бекіту, денесін шынықтыруы, күш жинау үшін беріледі. Бірақ бұл да олардың рухани баю, өз күштерін тексеру және байқап көру, қоршаған ортаны игеру және түсіну уақыты. Балалардың белсенді демалысы әдеттегідей спорт–сауықтыру лагерлерінде, шипажайларда, мектеп жанындағы  жазғы сауықтыру лагерлерінде өтеді.

 

   «№45 орта мектеп» ММ-де  балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында жылдағыдай  «Гүлдаурен» мектеп жанындағы лагерь және «Айгөлек» ойын алаңы ұйымдастырылды. Биылғы мектеп жанындағы лагердің ерекшелігі – лингвистикалық лагерь болып табылады.  Яғни, үш тілді лагерь болып отыр.  Бұл лагерьдің мақсаты: оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі үштілділікті қолдануды тиімді ұйымдастыру және әр түрлі соңғы әдістемелер арқылы еркін де сенімді сөйлеуге үйрету, коммуникативті тәсіл арқылы алған білімін өз ортасында, қоғамдық орында қолдануға дағдыландырып, білім деңгейін тереңдету, ағылшын және қазақ елдері туралы ауқымды мағлұмат беру, таныстыру болып табылады.

     «Гүлдаурен» мектеп жанындағы лагер II кезеңде өтетіні жоспараланып отыр. I кезең  (01.06-14.06.2016 ж)  II кезең (16.06-29.06.2016 ж) уақыт аралығында өтеді. Бір ауысымда 30 - ға жуық оқушыны сауықтыру жоспарланса, балалардың жас мөлшері 5 жастан 12 жасқа дейінгі балалар болып отыр. Ауысым уақыты 12 күн. Жазғы мектеп жанындағы лагерьде аз қамтылған отбасы балалары, сондай-ақ жайсыз отбасы балалары және де басқа балалар да тартылды. Ата-ана демеушілігінен мектеп жанындағы лагерьге оқушылар қатыстырлып отыр. Жазғы ауысымды өткізу қажеттігі жазғы жағдайда оқу үрдісін жалғастыру, оқушылардың денсаулығын бекіту, балаларды жазғы уақытта іспен қамту мәселесі секілді жайлардан  туындап отыр: Лагерь бағдарламасы балалардың қызығушылығы мен психологиялық жас ерекшеліктерін есепке ала отырып жасалды.

       Бағдарлмада әр түрлі «Шағала» бассейн орталғымен, Т.Ахтанов атындағы драма театр, «Локомотив» кинотеатры, П.Пушкин саябағы тәрізді серіктестермен бірге жүзеге асырлуда, мектеп ішінде тоғызқұмалақ, шахмат, музыка үйірмелері де кестеге сай өтеді. Балалармен мектеп психологы жеке және топтық диагностикалық зертеу жұмыстарын жүргізе отырып, психологиялық  тренингтік сабақтар жүргізеді. Негізгі психологиялық қызметтің оқушының психологиялық денсулығын қамтамасыз ету мақсатында жоспарға сай жұмыс жасайды. Мектеп жанындағы демалушылар 4 кезеңде тамақтанып, түстен кейінгі уақытта тынығып, спорттық ойындары да өтеді.

        Балалар 12 күн ішінде жақсы көңіл – күймен, зор қызығушылықпен, ұйымдасқан түрде қатысып, жаз бойы өздерінің қалаған үйірмелеріне барып, өз уақыттарын тиімді де, әрі қызықты өткізіп жатыр.

 

 

Prev Next