030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

«АЛТЫН КҮЗ – 2014»

Автор: мектеп аға тәлімгері А.Е. Тубирова. Posted in Тәрбие жұмысы

imagesimagesКүз байлықтың, берекелі бірліктің, ырыстықтың мезгілі, сондықтан да оны алтын мезгіл деп атайды. Ежелден келе жатқан егіншілер мен жұмысшылардың мерекесі сабан тойдан қалған дәстүр бүгінде Алтын күз мерекесі аталып, жер-жердегі оқу ордаларында күздің әсемдігі мен жаз бойы еңбек еткен еңбекшілер қауымының еңбегін паш ету мен еңбектің қадірін жастарға ұғындыру мақсатында аталып өтеді.

Қазан айының үшінші аптасында, мектебімізде «Алтын күз - 2014» мерекесі өтті. Осы мереке аясында арнайы бағдарлама құрылып, 1-10 класс оқушыларын осы шараларға қатыстыру мақсатында қызықты сайыстар жоспарланды. Мысалға бастауыш класс оқушылары үшін, «Жарқыраған алтын күз», «Күз кереметтері», «Күзгі баққа саяхат» сынды түрлі көрмелер байқауы өткізілсе, орта буын, 5-6 класс оқушылары үшін, «Күзгі эстафета» атты класс жетекшілерімен оқушыларға арналған спорттық – сайыс ұйымдастырлды. Ал 7-10 класс оқушылары үшін «Күз ханзадасы мен ханшайымы - 2014» байқау өтті.

imagesҚызықты өткен байқауда жоғары класс оқушылары алдарына жан салмады. «Талапты бала талпынған құстай, құмары қанбас биікке ұшпай» - демекші, оқушыларымыз, жиналған қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, өнерлерімен тамсандырды. Байқау таныстыру, өнер, күзгі сән үлгісі, танымдық сайысы тәрізді турлар бойынша өткізілді.

imagesТаныстыру кезеңінде үміткерлер мәнерлеп оқу шеберлігін көрсете білді. Бірі сахналандырылған көрініс көрсетсе, бірі авторлық шығармаларын орындады. Жастарға ерекше ұнағаны – өнер сайысы. Бұл кезеңде үміткерлеріміз бойларындағы бар өнерлерін көрермендер назарына ұсынды. Танымдық сайысында табиғатқа, қоршаған ортаға, құстарға байланысты сұрақтар қойылып, үміткерлердің білім деңгейіне баға берілді.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені 10 класс оқушылары Еламанов Дулат пен Сапарғали Сара, І орынды 9 класс оқушылары Анатолий Бақдәулет пен Михетова Диана, ІІ орынды 8 класс оқушылары Абайқызы Аяна және Орынбасаров Биман иемденсе, ІІІ орынды 7 «А» және 7 «Ә» класс оқушылары өзара бөлісті. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сайыскерлердің барлығына мақтау қағаздарымен, өз кластары атынан сыйлықтар табысталды. Күзгі бал көптің көңілінен шығып, жоғары деңгейде өтті. Мұндай іс-шаралар жастарымыздың бойында патриоттық сезімдерді де қалыптастыратыны сөзсіз.