030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

Қош бол, құтты Әліппем!

Posted in Ашық тәрбие сағаты

19 желтоқсн күні 1«А» класында «Қош бол, құтты Әліппем!» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілік Жанғали Нұрбол мен Албиева Гүлденнің жүргізуімен бүлдіршіндерді ортаға шақыруымен басталды. Сонан соң сүйікті Әліппе келіп, оған деген шексіз ризашылығын білдіріп, өзінен үйренген әріптерін еске ала отырып, тақпақтармен қоса өз өнерлерін көрсетті. Айымбетова Назым, Сағынғалиев Медет, Ерсайын Әлиянұр, Қодар Тайр, Аманбекұлы Мирастар ән шырқаса, бір топ бүлдіршіндер қазақ биін билеп, ертеңгіліктің мәнін аша түсті. Ертеңгілік соңы тәуелсіздік күні мерекесіне орай сұрақтармен толықтырылып, «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды.

Басып шығару

Тұңғыш Президенті күні қарсаңында

Posted in Ашық тәрбие сағаты

«1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай мектебімізде 29-30 қараша аралығында елбасының тұлғалық тұғырын, ерен еңбегін үлгі ету, оқушыларды елжандылыққа, отансүйгіштікке, өз халқының қамын ойлайтын азамат болып өсуге тәрбиелеу мақсатында да көптеген жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары, бастауыш кластар арасында елбасы өмірі мен еңбек жолына арналған бүктемелер жасау, «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыптарына макеттер жасаудан көрмелер ұйымдастырылды. Шара барысында әр класс оқушылары өздерінің Отанға деген патриоттық сезімдері мен Елбасына деген шексіз құрметін көрсете білді.