030009, Ақтөбе, "Ақжар-2" тұрғындар алабы, 451"а" Mailto: aktobe-sh45@mail.ru aktobe.sh45@gmail.com

Телефон (факс): +7 (7132) 251-601

Басып шығару

«Табиғат және біз» қалалық экологиялық байқау

Posted in «Жас Ұлан» балалар ұйымы

Бейсенбі күні қалалық оқушылар Сарайы балалардың табиғатқа қамқор бола білу іскерлігін дамыту, табиғатты аялауға тәрбиелеу мақсатында «Табиғат және біз» атты үгіт насихат қойылымдарының байқауын ұйымдастырды. Осыған орай №45 орта мектептің «Жас Ұландары», 7 класс оқушыларын мектеп аға тәлімгері Тубирова Айгерім Ерболқызы арнайы дайындап, қалалық байқауға қатыстырған болатын. Олар экологияны қорғау, тазалықты сақтау керектігі жайында, мән - мағынасы өте зор, үгіт насихат қойылымын қойды. Оқушылар осы сайысқа үлкен жауапкершілікпен дайындалып, өздері де жақсы әсер алғанын жасырмады.

Басып шығару

«Аққұс» фесиваліне 10 жыл

Posted in «Жас Ұлан» балалар ұйымы

imagesЖақында қалалық оқушылар Сарайы «Аққұс» атты балалар шығармашылығы фестивалінің 10 жылдық мерейтойын ұйымдастырған болатын.images Осы шараға № 45 орта мектептің аға тәлімгері Түбірова Айгерім Ерболқызының жетекшілігімен «Жас Ұлан» ұйымының белсенділері Анесова Диана, Тоқтарбаев Данияр, Аленов Алмат, Қуаныш Мақсат, Анатолий Бақдәулет атты 9 сынып оқушылары қатысты. Олар «№ 45 орта мектептен сәлемдеме» көрінісін қойып, залда отырған қонақтардың көзайымына айналды. Сондай – ақ осы фестиваль аясында «Талаптыға нұр жауар» атты бөлімі бойынша өлеңдер жинағын дайындаған мектебіміздің жас ақыны, 6 класс оқушысы Жақанов Нұрғиса «Үздік ақын бала» атанып, арнайы сыйлық пен Қалалық оқушылар Сарайының мадақтамасына ие болды.

Басып шығару

«Қоғам. Жастар. Жаңа бастамалар» аға тәлімгерлер мен «Жас Ұландықтарға» арналған облыстық форумы өтті.

Posted in «Жас Ұлан» балалар ұйымы

imagesАқтөбе қалалық Оқушылар сарайында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жетекшілері мен ұланбасыларына арналған «Қоғам.Жастар.Жаңа бастамалар» атты облыстық форум өтті. Форумның мақсаты – облыстағы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмыстарын жандандыру, жастардың белсенділігін арттыру, патриоттық тәрбие беру, тәлімгерлердің өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау.

Салтанатты шараға облыстық білім басқармасының қызметкерлері, облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Замира Табынбаева, «Балалар мен қыздардың одағы» қалалық балалар ұйымының жетекшісі Людмила Сухомицкая, дін өкілдері және қала, аудан мектептерінен келген аға тәлімгерлер мен ұйым мүшелері қатысты.

Басып шығару

«Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау жиыны....

Posted in «Жас Ұлан» балалар ұйымы

imagesЕлбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы - өскелең ұрпақты жоғарғы рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, демократиялық ұстанымдарға негізделген Қазақстандық патриотизм рухын қалыптастыратын ұйым.

Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастыра отырып, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашығына деген жауапкершілікке тәрбиелеу «Жас Ұлан» ұйымының басты мақсаты болып табылады.

Еліміздің өркендеуі, гүлденуі- болашақ ұрпақтар қолында. Егемен еліміздің ертеңіне өз үлесімізді қосқымыз келсе, білімді, тәрбиелі, белсенді болуымыз керек. Осы мақсаттың орындалуының бірінші баспалдағы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына өту болып табылады.

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күні қарсаңында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына, №45 орта мектеп бойынша оқушыларды қабылдау жиыны 13 желтоқсан күні салтанатты түрде өткізілді.

Басып шығару

«Мектеп Ұланбасы» сайлауы өтті

Posted in «Жас Ұлан» балалар ұйымы

«Жас ұлан» ұйымының жұмысын жан-жақты жүргізу, қоғамдағы балалар ұйымының рөлін арттыру, мектептегі оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында 2014 жылдың 24 қыркүйек күні «Мектеп Ұланбасын» сайлау өткізілді.

Мектеп ұланбасы болуға 8-9-сынып оқушылары ішінен барлығы 6 оқушы өз өтінішерін алдын ала тапсырды. Дегенмен олардың ішінен тек қана 4 оқушының өтініші қанағаттандырылып, бағдарламалары әзірленді. Олар: Тоқтарбаев Данияр – 9 кл., Төлеген арайлым – 9кл., Серікова Альбина - 8 кл., Абайқызы Аяна – 8 кл. оқушылары.

Сайлау мектеп мұғалімдерімен қатар 2-11-сынып оқушыларының қатысуымен таңғы 8.00- ден 16.00- ге дейін ашық түрде өтті. Сайлау комиссиясы 5 адамнан құрылды. Олар мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Кубатаева Қ.Б., аға тәлімгер - А.Е. Тубирова, «Жас Ұлан» белсенділері 10 - 11 класс оқушылары – Құрманатаева Аружан, Елдесова Арайым, Есенгулов Арысұлан.